Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Байқоңыр" зымыран-ғарыш корпорациясы директорына іздеу жарияланды

Қазақстандық кәсіпкер, "Байқоңыр" зымыран-ғарыш корпорациясы" АҚ бас директоры Дәурен Мұсаға халықаралық іздеу жарияланды. Ол "Байқоңыр" ғарыш айлағында сақталған "Боран" ғарыш кемесі мен оның моделінің екінші ұшу прототипінің иесі ретінде белгілі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Dauren.mussa Instagram-парақшасы

Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының мәліметінше, Дәурен Мұса 26 қарашадан бері іздеуде.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Дәурен Мұсаға Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі “Алаяқтық” бойынша іздеу жариялаған.

"Оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2011 жылы Дәурен Мұса "CRISP Aelita" АҚ акцияларының 49,5%-ын сатып алып, кейін "Байқоңыр" РСК атауын өзгертіп, "Боран" компаниясына иелік ететін компанияның 80% акциясының иесі атанды.

Талқылау