Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәйдібэкспо, Мәңгілік: Қазақстандықтар балаларына қандай ерекше есім қойған

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті қазақстандықтардың тәуелсіздік жылдары балаларына қойған ерекше есімдерді атады.

Алматы облысында 2011 жылы 1 желтоқсанда туған балаға Тәуелсіздік есімі берілген.  Басқа есімдер қандай да бір оқиғаға сәйкес қойылған. Мәселен, Азиада байланысты 57 балаға Азияда есімін қойған. Саммитке байланысты 70 балаға Самит, 17 қыз балаға Самита есімін берген.

Бір балаға Нұрлыжол, 10 сәбиге Нұротан есімі берілген. Екі ұл және екі қыз балаға Мәңгілік есімін қойған. Теңге есімді 10 қыз бала бар. Үш бала Ақорда есімін алған.

2009 жылы 30 тамызда өмірге келген балаға Атазаң деп ат қойған. 2017 жылы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты ата-анасы Бәйдібэкспо есімін баласына қойды.

Тәуелсіздік жылдары 17 балаға Астана аты берілген. Ал, 37 276 балаға Нұрсұлтан деп ат қойған. Олардың 14-і 1991 жылы 16 желтоқсана Тәуелсіздік мерекесінде өмірге келген.

Сонымен қатар, 1991 жылы 16 желтоқсанда 959 бала дүние есігін ашты. Оның 491-і ұл бала, 468-і қыз бала.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау