Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенті қазақстандық Сәуле Омарованы басқарма басшысы қызметіне тағайындайды

АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің профессоры Сәуле Омарованы ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы қызметіне тағайындамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіі Bloomberg.com сайтына сілтеме жасап. 

Тағайындау жұмысымен таныс үш бірдей адам Сәуле Омарованың бір апта ішінде басқарма жұмысына тартылатынын растады. Алайда Ақ үй ақпаратты ресме түрде нақтылаған жоқ. Қазақстанның тумасы Сәуле Омарова осы қызметке тағайындалса, АҚШ тарихында алғаш рет банк секторының негізгі реттеушісін әйел адам басқарады.

"Ақша айналымын бақылау басқармасы елдің ірі кредиторларын бақылайды. Олардың ішінде JPMorgan Chase & Co., Bank of America Corp. және Citigroup Inc. бар. Корнель университетінің заң факультетінде дәріс беріп жүрген Омарова таңдалса, Уолл-стритке оңай болмайды. Қатты бақылау мен қатаң ережелер енгізіледі деген болжам бар", – дейді мақала авторы.

 



Айта кетері, биыл тамыз айының басында АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Сәуле Омарованың кандидатурасы ұсынылғаны туралы ақпарат таратқан.

Сәуле Омарова қаржы институттарын реттеу, банк құқығы мен халықаралық және корпоративтік қаржы саласын меңгерген.

Джордж Буш президент болған кезде Сәуле Омарова қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шықты.

2014 жылы Корнель университетінің заң мектебіне келмес бұрын, ол Солтүстік Каролина университетінің заң мектебінде профессор болды. Омарова ММУ, Висконсин университеті және Солтүстік-Батыс құқық университетін бітірген.

Талқылау