AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жастағы қазақстандық АҚШ-тың ең жас магистранты атанды

Қазақстандық 16 жастағы вундеркинд Абзал Мырзаш АҚШ-тың Нотр-Дам университетінің компьютерлік ғылым және инженерия факультетінің магистратурасына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Ол Қазақ-британ техникалық университетінің "Ақпараттық технологиялар" мамандығын небәрі 12 жасында аяқтаған болатын. 

Енді магистратураға түсіп, бірнеше семестр өткен соң, жоғары оқу орнының басшылығы оны доктарантураға ауыстыруды жоспарлап отыр.

Абзал Мырзаш бұдан бөлек, доктарантураға түсу үшін, University of Pennsylvania, MIT, Harvard University, Princeton University, Yale University және басқа да университеттерге өтінім жолдаған. Алайда аталған ЖОО-ы өз талаптарына сәйкес, тым жас студенттерге доктор мәртебесін бермейтін көрінеді.

Бірақ Абзал магистратурадағы оқуы бастала салысымен, компьютерлік ғылымдардың PhD бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер жасауды бастамақ. Осыдан кейін ол Computer Science and Engineering мамандығы бойынша PhD докторантураға ауысуға өтінім бере алады. 

АҚШ-тағы оқуы аяқталған соң, Абзал елге қайтуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, бұған дейін Токио Олимпиадасына қатысатын 12 жастағы британиялық спортшы жайлы жазған едік. Скай Браун скейтбордингтен сынға түседі. Жасөспірім қыз Ұлыбритания құрамасының тарихындағы Олимпидаға қатысатын ең жас спортшы болмақ. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр