Байбек: Алматыда 500 теңгеге мейрамханадан тойып тамақтанып алуға болады
Алматы қаласының әкімі журналистермен кездесіу кезінде қаладағы мейрамханалардың арзан екенін айтып, жұртты қайран қалдырды,-деп жазды Stan.kz.
«Worldwide Cost of Living-тің рейтингі бойынша Алматы 2016 жылы әлемдегі жұмыс пен өмір сүруге ең қолайлы қала атанд»,-дейді әкім.
Оның сөзінше Алматы қонақтары 500 теңгеге мейрамханадан дәмді әрі тойымды тамақтана алады екен.
«Қазір шетелдік қонақтар мейрамханадан 500 теңгеге тойып тұрып дәмді ас іше алады. Бұл өте арзан. Сондықтан да Алматы өмір сүруге қолайлы қалалар рейтингінде көш бастап тұр»,-деді Бауыржан Байбек.
Осы сөзден кейін баспасөз отырысына жиналған журналистер 500 теңгеге дәмді аспен тойдыратын қай мейрамхана екенін сұрап қалуға асықты.
Өз сөзіне түсінбей қалған әкім болса «Дөнер, дөнер» деп басын алып қашты.
Бауыржан Байбек жиналғандарға қымбатшылықтың тек базарда екенін айтып екінші мәрте қайран қалдырды.
«Азық-түлік, киімдер базарда қымбат. Сауда үйлерінен базарлық жасаңыздар»,-деді Байбек.
Оқи отырыңыз:
Қырғызстанның жаңа президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қалай өрбитінін айтты
Моңғолиядағы қандастар бұдан былай Қазақстанға көшіп келе алмауы мүмкін
Еліміздегі Суретшілер Одағының басшылығына «талас» қызу жүріп жатыр
Шетелдегі бизнесін жасырған қазақстандық министрлердің өтірігі ашылды