Баянауылда көлік таудағы ирек жолдан құлап, 5 адам зардап шекті
Видеодан скриншот
Баянауылда көлік таулы жерлерде салынған ирек жолдан құлап кетті. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
16 шілде Баянауыл ауылының "Жасыбай" демалыс аймағында Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі таудың баурайында ирелеңдеп орналасқан жолмен түсіп бара жатып, рөлге ие бола алмай, көлік арыққа аударылып кеткен.
Оқиға салдарынан жүргізушіні қосқанда бес адам зардап шекті. Екеуі дереу ауруханаға жеткізілді, үшеуі ауруханаға кейін түсті. Көлік арнайы тұраққа қойылды.
"Сүйегі сынып, миы шайқалған": Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады
Полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
"Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе демалыс орындарында, қозғалыс қарқындылығы мен жол ерекшеліктері бар учаскелерде жылдамдықты қатаң сақтауы және көліктің техникалық жағдайын қадағалау маңызды екенін еске салады", – деп хабарлады ведомство.
Еске салсақ, Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, ірі жол апаты болған еді.

"Халықтың қайғысына құрметсіздік": Алматыда Лениннің есімі берілген дәмхана желі қолданушыларының ашуын туғызды
