Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баянауыл ұлттық паркінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген 40-тан астам бүркітті заңсыз шетелге сатқан

Баянауыл ұлттық паркінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген 40-тан астам бүркітті заңсыз шетелге сатқанФото: Видеодан скрин

5 ақпан күні Павлодар облысының аумағында полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, Қызыл кітапқа енген құстарды заңсыз шетелге шығарғандардың жолын кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сирек кездесетін құстарды Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында аулаған. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Олардың ішінде ұлттық саябақтың қызметкерлері де бар.

“17 тінту шарасы жүргізіліп, нәтижесінде 40-тан астам құс, 5 атыс қаруы, шамамен 200 оқ-дәрі, суық қарудың бірнеше түрі, құстарды ұстауға және тасымалдауға арналған құралдар, сондай-ақ басқа да маңызды айғақ болар заттар тәркіленді. Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі 120 миллион теңгеден асады”, – деп мәлімдеді еліміздің ішкі істер министрлігі.

 Баянауыл ұлттық паркінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген 40-тан астам бүркітті заңсыз шетелге сатқанФото: Видеодан скрин

Заңсыз шығарылған 40-тан астам бүркіт пен қыран құстар тәркіленген. Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық ұсталған адам қамауға алынды. 

Stan.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне сауал жолдап, құстардың қай елдерге шығарылғанын сұрады. 

“Әлі тергеу жүргізіліп жатыр. Саны, қай жақ, күдіктілер толық тексеріліп жатыр. Әзірге Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат бере алмаймыз”, – деп жауап берді Ішкі істер министрлігі.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 17:20