Баян Мақсатқызы біреудің ақшасына күн көретін әйелдерге үндеу жолдады
Продюсер Баян Мұхитденова (Есентаева) бүгінгі жетістігіне өз күшімен жеткенін мәлімдеді. Ол үшін ұзақ жылдар бойы тер төккенін мәлімдеген ол табыстың көктен түспегенін айтты.
Баян Мұхитденова өзінің тарапына айтылатын түрлі дақпырт әңгімелерден шаршаған секілді. Бүгін ол өзінің іскерлігіне күмән келтіретін жандарға жауап берді.
«Табыс та махаббат сияқты ақшаға сатып алынбайтын дүние. Ақшаға сатып алынса, баяғыда-ақ солай жасар едім. Бағыма орай, көп еңбектенуіме тура келді. Махаббаттікі секілді ақшаның да өз энергиясы болады. Иә, мен сүйікті жұмысымда өз идеяларымды жүзеге асырамын, бірақ оның бәріне тәуекелге барып, еңбектеніп, тер төгіп, тек біраз жылдан кейін қол жеткіздім. Менің табысымды көктен түскен сыймен шатастыратындарға берер кеңесім: алдымен айнаға қарап, өздеріңізден: «осы күнге дейін не істедім және кімнің есебінен?» деп сұраңыздар. Біреудің өміріне араласқанды доғарыңыздар, алдымен өз өмірлеріңізді реттеп алыңыздар. Сөз соңында айтарым: әйел ер адамның көмегінсіз-ақ табысты бола алады. Сіздердің түсінбейтіндеріңіз осы-ау деймін шамасы? Істер ісі жоқ, біреудің ақшасына күн көретін әйелдерге арналады», – деп жазды продюсер желідегі парақшасында.
Естеріңізде болса, ғаламторда продюсер Баян Мұхитденованың бұрынғы күйеуімен арасында болған жанжал оның танымал атыраулық кәсіпкер, NSS (“НефтеСтройСервис”) компаниялар тобының қожайыны Ибрагим Ақдрашевпен ара қатынасы бар болуы салдарынан орын алды деген ақпарат пайда болған болатын. Ел арасында продюсердің жеке өміріне қатысты түрлі дақпырт әңгімелер өріп жүр. Жұрт Есентаеваның шоу-бизнес әлеміндегі демеушісін тапқандай болды. Бәлкім, продюсердің елге үндеу жолдауына осындай әңгімелер сеп болған шығар.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева өзінің тегін өзгертті
Баян Есентаева: Ендігі Баян қандай? Оны мен білмеймін
«Өгей жүрек» телехикаясының кезекті бөлімінен кейін жұрт Есентаева туралы ойын өзгертті (фото)
Есентаева: Қазақстанда бәрі ұят пен қымсынудан тұрады
Ұстазы Мейрамбектің жастай «қайын ата» атануының себебін түсіндірді