Баян Мақсатқызының экс қайын әпкесі: Бізді бар шындықты айтуға мәжбүрлемесін
Баян Есентаеваның соңғы сұхбаты неге бұрынғы жары Бақытбектің туыстарының шамына тиген секілді. Осы орайда, Назым Есентаева продюсерді бар шындықты жұртқа жария ететінін айтып қорқытты.
Сурет: Тұрсын Алагөзовтың жеке парақшасынан
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Атышулы продюсер Баян Есентаева жақында телеарналардың біріне берген сұхбатында бұрынғы жары Бақытбек Есентаевтің қарындасы жайында ашық пікір білдірді. Онда Бақытбектің туған қарындасы Нағиманың ажырасып, екінші рет тұрмыс құрғанын айтып, көпшілікке жария еткен болатын. Алайда, бұл Баянның қайын әпкесі Назым Есентаеваның намысына тиіпті. Тіпті, алғаш естігенде ашу-ызасы келген. Сондықтан, арнамызға сұхбат беруді жөн санап хабарласты.
“Бір жылдан бері Баян мен Бақытбектің жеке өмірі, қарым-қатынасы жайында жақ ашпадық. Енді міне, туысқандарына ауыз сала бастады. Бұған шыдамаймыз. Сондықтан да ата-анасына айтарымыз: Баянға ақылын айтып жөнге келтірсін. Бұдан арыға бармай-ақ қояйық. Егер ондай болмаса біз бар шындықты айтуға мәжбүр боламыз”, – дейді Назым Есентаева.
Бірақ, Назым Баян жайында әзірге шешіліп сөйлемеді. Ал, жақында жарық көрген «Өзім жайында» атты кітабында Баян бәрін еш бүкпесіз, ашық жаздым деп айтқан еді. Алайда, қайын әпкесі продюсердің шындықты жазғанына күмәнданады.
“Бақытбекке сүймей қосылғанмын, 22 жыл бойы бақытсыз өмір сүрдім дейді. Шыншыл болса, неге сүймейтінін айтып, ажырасып кетпеді? Бақытты кейіп танытып неге бірге өмір сүріп келген?” – дейді Назым Есентаева.
Жіберіп алмаңыз:
Ділназ Ахмадиева: Ұйғыр деп бетіме басқан кезде реніштен жылап жібердім
Ташкентке сапарлаған Мақпал Жүнісова өзбек ағайындарды таңдай қақтырды (видео)
Қазақ киносындағы тарихи күн: Ақан Сатаевтың фильмі әлемдік прокатқа шығатын болды