Баян Мақсатқызы: Жақсы күйеуден әйелі ешуақытта кетпейді
Баян Мақсатқызы құрбысы Динара Сәтжанға радиода берген сұхбатында Қазақстандағы әйел адамдардың тұрмыста зәбір көрмеуі үшін барынша еңбектенетін айтып сендірді. Осы жолда алғашқы қадамы жуырда шығарған кітабы екенін айтып өтті.
Сурет: mix.tn.kz
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
– Кей ер азаматтар сенің күйеуіңнің әрекетін дұрыс деп қабылдап жүр. Бұған не дейсің?
– Біздің сана-сезіміміздің қандай деңгейде екенін түсініп тұрсыз ба?! Мысалы, Францияда “Әйелің көзіңе шөп салса, кінәні өзіңнен ізде” деген сөз бар. Мені тыңдап отырған ер адамдарға жақсы күйеуге әйелі опасыздық жасамайтынын айтқым келеді. Әйелдеріміздің бақытсыз болуы ер азаматтарымыздың арқасы. Бізде әйел адам қыдырып қалса да, ер адам опасыздық жасаса да, әйел адам кінәлі болып шығады. Ер адам отбасын тастап кетсе, тағы да әйел кінәлі. Олардың екі аяғы, екі қолы, ойланатын басы бар екенін ешкім ескермейді. Мұнымен қатар, жақсы әйелден де күйеулері кетпейді.
Адам өмірді өзгерткен кезде жұрт алдымен оны “ақымақ” дейді, артынша “данышпан” деп атайды. Олардың барлығы да осындай қиындықтардан өткен. Мен де өмірді өзгерткім келеді. Қазір бәрі маған “Қолыңнан ешнәрсе келмейді. Біздің менталитетіміз басқа, әйелдеріміз өзгеріске дайын емес” деп айтып жатыр. Бүгін немесе ертең мен ешнәрсе өзгерте алмауым мүмкін. Бірақ, арғы күндері менің жақтастарымның көбейетіні анық. Динара Сәтжанға осыған байланысты ұсыныс айтқан болатынмын.
Жіберіп алмаңыз:
Джастин Бибер өзін аңдыған фотографты қағып кетті (видео)
Сейфуллинның 90 жастағы анасының биі желіні шулатты (видео)
Әйелімен отасқанына 20 жыл толған Майғазиев өзі үшін қымбат суреттерін көрсетті
Ақбота Сейтмағамбет енесінің екі келінге бірдей қарайтынын айтты