Баян Мақсатқызы орыс тіліндегі кітабының тез сатылғанын айтып мақтанды
Продюсер кітабының жылдам сатылып жатқанын айтып мақтанды.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жуырда Баян Мақсатқызының ғұмырнамалық кітабы оқырмандарға жол тартқан болатын. Небәрі бес күннің ішінде продюсердің кітаптарының орысша нұсқасы түгелдей дерлік сатылып кетіпті. Кітап 20 мың тиражбен шыққан болатын.
“Орыс тілінде басылып шыққан кітаптар таусылып жатыр. Типография барлық тиражды жөнелткен екен. Енді дәлелдеу керек. Бүгін осындай хат алдым”, – дейді продюсер.
Соңғы кездері Instagram парақшасында пікір жазуды бұғаттап жүрген продюсер бұл жолы оқырмандарына ой бөлісуге мүмкіндік берді. Желідегілер Баян Мақсатқызын жаңа кітабының шығуымен құттықтап жатты.
“Кем дегенде миллион кітапқа тапсырыс беру керек”, “Бақытты болыңыз”, “Баян, кітабың құтты болсын! Бұдан үлкен биіктерге жете бер”, “Кітап жүрегімді қарып өтті”, “Сіз керемет әйелсіз! Сізді үнсіз ғана қызғану қажет. Жарайсың, Баян”, “Пікірлерді оқып шықтым. Сізді барлығы жақсы көреді екен. Сіз сондай бақыттысыз” деп жазады желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Бағлан Әбдірайымов тойды 1 млн теңгеге жүргізетінін айтып мақтанды
Тыңдарманы Дұғаловаға бала күнгі суретін жіберіп таңқалдырды (фото)
Қайрат Нұртастың тойдағы биі желідегілерді шулатты (видео)
Абысыны Гүлзира Айдарбекованың өмірде қандай адам екенін айтып берді