Баян Мақсатқызы: Маған қалай өмір сүру керектігін үйретпеңіздер
Баян Есентаева желідегілерге ешкімнің ақыл-кеңесіне зәру еместігін айтты.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Баян Есентаева инстаграмдағы парақшасы арқылы кезекті жазбасын бөлісті. Аталған жазбасында продюсер желідегілерден өзіне ақыл айтпауды сұраған.
“Маған қалай өмір сүру керектігін үйретпеңіздерші, өтініш. Маған сіздердің жағымсыз пікірлеріңіз, ақылдарыңыз бен ыза-кектеріңіз қажет емес. Менімен болуы тиіс оқиға сіздерді қажет етпейді. Сол секілді мен де сіздердің тағдырларыңызға араласа алмаймын. Біз бір-бірімізді құрметтеп, осы қалпымызда қабылдап үйренбейінше, бір жақты тілдесу болмақ. Өкінішке орай, менің оқырмандарыма әлі де мәдениеттілік пен тәрбие туралы іздене түсу қажет. Ал мен ары қарай өмір сүріп, жұмыс істеп, сүюді жалғастырамын. Дәл қазір жер бетіндегі таңғажайып жерлердің бірінде жүрмін”, – дейді Баян Мақсатқызы.
Продюсер аталған жазбаға жағымсыз пікірлер көптеп жазылады деп болжаған сыңайлы. Ол пікір жазуды бұғаттап қойыпты. Дәл қазір Баян Мақсатқызы жаңа сүйіктісімен бірге Мальдив аралдарында демалып жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Жанар Дұғалова Майами қаласында саяхаттап жүр (видео)
“Қазақ аруы” телехикаясы туралы бейнебаян жарыққа шықты (видео)
Қарақат елге танымал әннің мәтінін бұзып айтқаны үшін сыналды (видео)
Төреғалидің “хит” әндерін жазып берген ақын Қайрат Нұртасқа ән сыйлады