Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы: Бізде әйелді ұру дәретханаға барып келгенмен тең

Баян Мақсатқызы елімізде ер адамдардың әйеліне жасаған қиянаты үшін заңмен жазалануы керектігін айтты. Осы орайда, ол Еуропа елдерінде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа байланысты қандай шаралар қолданылатынын сөз етті.

9NiC3dR2iNAZ2Ov884kl19CcJUKsfF

Сурет: yvision.kz

Бұл туралы Динара Сәтжанға радиода берген сұхбатында айтты.

“Әр нәрсенің басы болады. Бәлкім, әйелдердің тұрмыста зорлық-зомбылық көруі туралы айтқан алғашқылардың бірі мен болып отырған шығармын. Себебі, менің басымнан қиын жағдай өтті. Өзімді ешуақытта бұлай жарнамалағым келген емес. Мен жай ғана шетелден келіп, әдеттегідей көлікке отырған болатынмын. Тек бір аптадан кейін ғана жұрттың мені өсектеп жатқандарын білдім. Бірақ, тұрмыста әлі күнге дейін зорлық-зомбылық көріп келе жатқан қаншама адам бар?!

Қазақстандағы барлық әйел бақытты деп ойлайсыздар ма? Әрине, ер адамдар әрбір істеген ісі үшін жауап берулері керек. Бізде әйелді ұру дәретханаға барып келгенмен тең. Мен, тіпті, қарапайым дәмханадан жігіттің қызын ұрып жатқанын көремін. Ал оларды ешкім жазаламайды. Шапалақпен ұрып, үйден қуып жібергендері үшін заңмен жазаланулары керек! Еуропа елдерінде психологиялық зорлық-зомбылық үшін жазалайды. Ол жақта әйел адамдар өзімен бір апта бойы сөйлеспей қойған күйеулерінің үстінен арыз жазады. Осыдан кейін ер адам жұмыстан қуылып, жалақысынан айырылады. Келесі жолы сөйлеспей қоюдан бұрын ойланады”, – дейді Баян Мақсатқызы.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Жаратушы ғана барлығын кешіре алады

Су ішінде ас ішкен Әлия Телебарисова “мақтаншақ” деген атқа қалды

Баян Мақсатқызы балаларды ұрмай, ұрыспай тәрбиелеуге шақырды

Медеу Арынбаев болашақ келіні жайлы бар шындықты ашып айтты

Талқылау