"Баян Мақсатқызымен мейрамханада таныстым": Балжан Бидаш "Kesh you" тобына қалай келгенін айтты
Бүгінде жеке әнші ретінде өнер көрсетіп жүрген Балжан Бидаштың жолы "Kesh you" тобымен басталды. Әнші бұл топқа қалай келгенін ашып айтып берді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Жұлдызды weekend" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Балжан Бидаш өнерге өзінің туған ағасының арқасында келген. Ағасы да әншілік жолда. Бастапқыда әнші болуды армандаған ол бүгінде өзге әншілерге ән жазумен айналысады. Сол себепті де Балдаштың өнерге келуіне себепші болған.
"Менің ағам студияда ән жазумен, өңдеумен айналысады. Мен де студияға барып, бэк-вокал жазып жүретінмін. Бірде продюсер Алтынбек Рахметов менің даусымды естіп, мен туралы сұрай бастапты. Кейін Баян Мақсатқызымен таныстырды. Ол мені Баян Мақсатқызы мен Бағым Мақсатқызы отырған мейрамханаға апарды. Баян Мақсатқызы менің сымбатымды, даусымды елдің көзінше сол жерде тексерді. Ән айтқызып, даусымды сынады. Топқа солай қабылдандым. О баста өнер жолын армандағаныммен кастингтерге барып көрмеппін. Мені осылайша өздері шақырған еді", - деді Балжан.
Балжанның ата-анасы қызының алғаш рет теледидардан жарқ ете қалған сәтін еш ұмытпайды.
"Ауылдағы туыстарымыз, көршілеріміз, тарыстарымыз хабарласып құттықтап жатты. Телефонға тыным болмай кетті. Телеэкранға шыққан күні тапжылмай қарап отыратынбыз, кейін етіміз үйреніп қарамайтын болдық. Желіден көреміз деп жүре беретін болдық", - деді Балжанның әкесі.
Анасының айтуынша, Балжан бала күнінен ән жарыстарына қатысқан. Аудандық, облықтық жарыстарда бақ сынаған. Анасы "Kesh you" тобына келгенше Балжанды өзі жетелеп келгенін жеткізді.
Ал, ағасы ән өңдеумен айналысады. Қарындасы екеуі дуэт болып ән жазуы да мүмкін. Балжан қыздарға құлаққағыс етіп, ағасының басы бос екенін айтып қалды.
Тағы оқыңыз