Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы туған күн кешінде Валерий Меладземен ән шырқады (видео)

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы туған күнін дүркіретіп өткізді. Ол 50 жасқа толу мерейтойына бірқатар әншілер мен өнер жұлдыздарын шақырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Баян Мақсатқызы туған күн кешін KeshYou тобымен бірге ән шырқап бастады. 50-ге толған жанның образы көпті тәнті етті. 

Баян Мақсатқызының жары Тұрсын Алагузов оған сыйлық ретінде ресейлік әнші Валерий Меладзені шақыртқан. Продюсер Меладземен “Салют, Вера” әнін шырқады. 

“50 жаста осылай қартаюды бұйырсын”, “Баянмен бірге ән айтып шыққан Меладзеде арман жоқ шығар”, “Менің де күйеуім осындай болса ғой”, “Баян, жарайсыз. Көптеген таптаурындарды өзгертіп, нағыз әйел болу үшін барын салып келеді. Қолынан келмейтіні жоқ” деп жазды желідегілер.

Бұған дейін Баян Мақсатқызының 50 жасын ұшақта қарсы алғаны айтылды. 

 

Талқылау