Баян Есентаева тағы да сотқа жүгінді
Баян Есентаева өзінің ар-намысын қорлап, абыройына нұқсан келтіргендермен белсенді түрде айналыса бастады. Танымал продюсер тағы да сотқа жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz.
Есте болса, Есентаева азамат Арнат Әлімбетовті сотқа беретінін айтып шағымданған болатын. Алайда біраз уақыт өткен соң танымал продюсер бұған қатысты қалдырған жазбасын парақшасынан өшіріп тастаған болатын. Соған қарап жұрт оны райынан қайтты деп ойласа керек-ті. Алайда алған бетінен қайтпайтын продюсер ақыры сотқа жүгінді.
Ол Арнат Әлімбетовтің жазбасын жариялаған БАҚ құралына арызданған. Бұдан бөлек, танымал продюсер шоу-бизнестің барлық өкілдерін өзіне қосылуға шақырды.
“ҚР азаматының ар-намысы мен абыройын қорлауға ешкімге де құқық берілмеген. Бұл менің әріптестеріме деген екінші шағымым, сіздер маған таңдау қалдырмадыңыздар, енді құқығымды ҚР Конституциясына сәйкес заңмен қорғайтын боламын. Бұл менің “мейірбан” оқырмандарыма да қатысты. Адамгершілік қарым-қатынасқа түспейінше адвокаттар тобын жалдай беремін. Сол сияқты танымал тұлғалардың барлығын маған қосылуға шақырамын, әйтпесе арам ниетті азаматтар нысанына алған грушаға (спорттық термин) айналамыз”, – дейді Есентаева.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева өзіне тіл тигізген зейнеткерді сотқа берді
Балғынбек Имашев әйелді жазалау үшін ерлерді «тоқал» алуға шақырды
Қытайдың алпауыт компаниясы Димаш Құдайбергеновке арнап смартфон шығарды (фото)
Әли Оқапов алғаш рет анасына ән жазып берді (фото, видео)