Баян Есентаева: Қыздармен жұмыс істеуден шаршадым
Жуырда “KeshYou” тобының құрамы тағы да өзгерді. Бұл жолы Ақбота Сейтмағанбет пен Жұлдыз Өмірғали топтан кетті. Ал олардың орнына үш бірдей әнші келіп, топ квартетке айналды. Баян Есентаева өз кезегінде қыздармен жұмыс істеуден шаршағанын айтып жатыр.
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды.
“Белгілі бір себептермен “KeshYou” тобын жаңадан құруымызға тура келді. Шыны керек, мен қыздармен жұмыс жасаудан жалықтым. Кез келген нәзік жандының арманы – тұрмысқа шығып, ана атану. Осы уақытқа дейін топтағы арулардың мұндай тілегіне қарсылық білдіріп келдім. Себебі, олар менің тобыма әнші болып келгендіктен, оларға жұмсалған қаражат пен еңбегімді ақтаулары керек емес пе? Бірақ әйел болып жаралған соң, басты мақсатыңнан қайтпайды екенсің. Жаңа құрамдағы қыздардың менімен қанша уақыт бірге жұмыс жасайтынын білмеймін”, – дейді Баян Есентаева.
Продюсер жаңа құраммен келісім-шартқа отырмаған. Ол алдағы уақытта бойжеткендерге тұрмысқа шығуға қуана рұқсатын беретінін айтып жатыр. Мұнымен қатар, Баян ханым бұл жолы шеттен әнші іздемеген. Ол “Лашын” тобын жауып, ондағы қыздарды “KeshYou” қатарына қосты.
“Өткен жылдағыдай қыздармен 7 жылға келісім-шарт жасастым деп айта алмаймын. Арамызда ешқандай келісім жоқ. Бұл жерде тек қыздардың сахнаға деген махаббаты бар. Енді маған бәрібір. Егер тұрмысқа шығып, үй шаруасымен айналысқысы келсе, мен оларға ақ жол тілеймін. “Лашын” тобының әншілері 2 жыл ішінде тәртіпке бағына алатындарын көрсетті. Олар – сахнаның қадірін білетін, жұлдыз ауруының не екенін сезініп үлгерген қыздар. Неге дайын әртістерді алмасқа? Неге мен жаңа жұлдыздарды жағуым керек? Алыстағыны армандағанша, қасыңдағының қадірін білген дұрыс. Көрермен “KeshYou” тобының құрамы ауысқан кезде, шу болды екен деп ойлайды. “Мөлдір кетіп, Жанар келді. Артынша орнына Мөлдір қайтып келді” деген сияқты қауесеттер болды. Сондай әңгіме болмас үшін осылай істеп отырмын”, – дейді продюсер.
Жіберіп алмаңыз:
Ғани Қасымов: Димаш бұдан былай қазақ әншісі емес
Димаш пандалармен кездескен әлемдегі бірінші елші атанды (фото, видео)
Шахизада өзіне былапыт сөз жазған қызға ел алдында кешірім сұратқызды (видео)
Сағызша созылған “Келін” телехикаясы қайтадан жалғасатын болды