Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева мектеп кезінде оқушы қыздардың өзін қалай қорлағанын айтты

Танымал продюсер Баян Есентаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазып жатқан кітабының үзіндісін жария етті.

баян

Продюсер жазып жатқан кітабының үзіндісін Инстаграмдағы парақшасында салған.

“Бірде, екеуміздің достығымыз басталғаннан кейін бір айдан соң ол сабаққа кешігіп келді. Сыныпқа бас сұққан ол мұғалімнен мені босатуды сұрап, біреудің асыға күтіп тұрғанын айтты. Мен шықтым, ал Зулфия мені бір қызығы дәретханаға қарай бастады. Ал ол жақта жоғары сыныпта оқитын қыздар бар. Олар мені шашымнан сүйреп, аяқтарымен, қолдарымен ұра бастады. “Біз сені жек көреміз!” деп айқайлап аяусыз ұрып, бетімді жарақаттап тастады. Еденге басымды соқты.

Мен үндемедім. Мүлде жыламадым. Сосын олар да ұра берудің де пайда бермесін түсінді. Тізерлеп отырғызып қойып: “болды сен “түстің”, өзіңді ханшайым деп санап жүрсің бе?” деді. Ол кезде “түсіру” деген сөздің танымал болып тұрған кезі. Сені қорлайды, босатады, сенің ештеңе істеуге мүмкіндігің жоқ.

Мен осы уақытта жағдайға басқа қырынан қарап, өзімді қаһарман сезіндім. Мен бұрымымдағы резеңкені шешіп, шашымды босатып жібердім. Алақанның сырт жағымен ернім мен бетімдегі қанды сүртіп тұрып, “Сендер. Бәрің. Маған. Қызығасыңдар” дедім.

Әрі қарай кинодағыдай болды. Дәретханада асылып өлді” деп бітеді танымал продюсер жариялаған туындының үзіндісі.

Әзірге кітаптың, шығарманың қалай аталатыны белгісіз. Мұны оқып қызыққан желі қолданушылары кітаптың тезірек жарыққа шығуын тағатсыздана тосатындарын айтыпты.

Осыдан бірнеше күн бұрын Баян Мақсатқызының жаңа сүйіктісі бар екені туралы ақпарат жарияланған. Ал кейін продюсер жуық арада бар шындықты өз аузымен айтып беретінін мәлімдеген еді.

Оқи отырыңыз:

Балғынбек ақын өзге ұлт жігіттерінің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (видео)

Меруерт Түсіпбаева: Маңдайыма бай күйеуге тию бұйырмапты

Ернар Айдар кезекті махаббатымен судың астында кездеспек (фото)

«Көршінің қызын» айтпағаны үшін қария Тоқтар Серіковті балағаттап кеткен

Талқылау