Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баян Алагөзова отқа май құйып, ажырастырып отыр": Белгілі сынықшы Тұрсынбек пен Мөлдірдің қарым-қатынасын талдады

баян бағдагүл емші Фото: Stan.kz 

Белгілі сынықшы Бағдагүл емші танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың отбасына қатысты кінәлі адамның атын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сынықшының сөзінше, отбасындағы жанжалға белгілі продюсерлер Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова кінәлі көрінеді. 

"Мына Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан екеуі шылқып жүр ғой. Оның бәрі қазынадан түскен ақша. Итке керек емес, елді бұзатын жобаларымен үкіметтен бәленбай ақшаны сыпырып алады. "Қазақ аруын" өткізеді бірақ өзінің қыз сықпыты жоқ. Инабаттылығы мен имандылығы жоқ. Баянның қыздарған арналған конкурсы кімге керек?! Тұрсынбектің әйелін қасына алып алыпты. Сол отбасыларды отқа май құйып, ажырастырып отырған – Баян. Динара мен Баянның қасында жүріп тапқан Мөлдірдің өнегесі сол болды. Әйтпесе Мөлдір тәрбиелі әрі ақылды әйел. Анасынан ерте айырылған жетім қыз еді", – деп ашуланды емші. 



Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі сынықшыны қолдаса, енді бірі Мөлдірге қиын сәтте қолдау білдірген Баянды қорғап шықты. 

“Сынықшы дұрыс айтады. Өнер адамдары азып-тозып кетті”, “Баянда не шаруасы бар, оның қатысы жоқ”, “Бюджеттің ақшасы кім көрінгеннің қалтасында кетіп жатыр, шындық осы”, “Тұрсынбектің тоқалына кеткені рас”, “Баян мен Динара мықты келіншектер”, “Осы әйел көрінген адамға тиісіп отырады”, – деп жазды көпшілік. 

@adilettiqazaqstan #әділеттіқазақстан #бүгіналматыда #парақорсызжүйе #тоқаевшыншыл #шірігенжүйе ♬ оригинальный звук - adilettiqazaqstan
STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 18:06
Талқылау
`