Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Алагөзова қызының тұрмысқа шыққалы жатқанына орай той қонақтарының тізімін жасап жатыр

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шыққалы жатыр. Ендігі Баян Алагөзова той қамына кірісіп кеткен тәрізді, деп жазады Stan.kz.

Баян Алагөзова

Баян Алагөзова Instagram желісіндегі парақшасында қызы мен болашақ күйеуі баласының ұлттық нақыштағы киім киіп түскен суретін жариялап, той қонақтарының тізімін жасап жатқанын мойындады.

«Қонақтар тізімін жасап жатырмын. Кімнің келгісі келеді?» – деп жазды продюсер.

 

Айта кетсек, Айсәуле Бақытбектің желідегі суреттері мен жазбаларына қарағанда, оның жігіті Әлішермен кездесіп жүргеніне бірнеше жыл болған.

Естеріңізге сала кетсек, Айсәуле Бақытбекке жігіті Әлішер ерекше ұсыныс жасады. Ендігі бойжеткен тұрмысқа шыққалы жатыр.

Оқи отырыңыз:

Мен сондай бақыттымын: Айсәуле Бақытбек махаббат туралы жантебірентерлік жазбасымен бөлісті

Тек махаббат пен сенім: Баян Алагөзова қыздарын қалай тәрбиелейтінін айтып берді

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты (фото)

Жасарып кетіпсіз: Шашын қысқа қылып қиып тастаған Баян Алагөзованы көпшілік танымай қалды

Талқылау