Баян Алагөзова Конституция күнін білмеген қыздарды кастингтен қуып шықты
«Қазақ аруы» қандай болуы керек?! Баян, бұрымдылар арасында ауқымды кастинг жариялағанымен, «ақылына көркі сай» сұлуды таппай әбігерге түсуде. Өйткені, іріктеуде қойылған сауалдарға, мардымды жауап жоқ. Алагөзова салт-дәстүрден жұрдай қыздарға қандай шара қолданды?
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған арулар байқауының, қатысушыларға қояр талаптары қаз-қалпында қалғанымен, доданың шекарасы кеңеюде. Иә, осы жылы сұлулар сайысы халықаралық деңгейде өтеді. Яғни, Баянның жобасына Моңғолия, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстанда тұратын қазақ тілді қыздар да қатыса алады!
“Бұл идея қателеспесем осыдан 5 жыл бұрын туындаған болатын. Сол кезде, дәл осы сайысты халықаралық деңгейде өткізу керектігін ұқтым. Біз, Қазақстандағы кастинг аяқталғаннан кейін, өзге елдегі іріктеуді бастаймыз. Жақын күндері сапарға шығамыз”, – дейді Баян Алагөзова.
Іріктеуге келген үміткерлерге Қазақстан тарихынан сауалдар қойылып, ұлттық салт-дәстүрге және танымал тұлғалардың шығармашылығына шолу жасалады.
- Қазақстандағы Конституция күні: Бұл қандай мереке және оны қашан тойлайды
- 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
«Жеті қазынаны» атай алмайды ешқайсысы. Қара сөздің авторлары кім деп сұрағанда, ойланып қалған кезде, «инфаркт» болып қала жаздайсың. Сосын көбісі өтірік айтады.. Менің ең жек көретін нәрсем. Ол және көрерменге бірден белгілі болып тұрады”, – дейді журналист Перизат Мырзахмет.
Осы орайда біз де қатысушылар арасында арнайы сауалнама жүргізіп көрдік. Бұрымдылар 1995-ші жылдың 30-шы тамызында қабылданған ата заңымыздан да бейхабар болып шықты.
“31 тамыз”, “16 желтоқсан”, – деп шатасты арулар.
Жыл сайын 6-шы шілдеде Астана күні тойланатынын біледі ме екен?
“10 шілде”, – дейді кастингке келгендердің бірі.
Көп қатысушы бұл кастингтің бірінші кезеңінде-ақ тығырыққа тірелген! Бүгінде Баян бастаған команда әлі де лайықты үміткерлерді іздестіруде.