Баян Алагөзова апелляциялық сотта жеңіске жетті
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы мен журналист Дана Орманбаеваға қатысты аппеапелляциялық соттың шешімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Продюсер Баян Мақсатқызы журналист Дана Орманбаевамен соттасып жатқан еді. 23 қыркүйекте белгілі продюсер және қоғам қайраткері Баян Алагөзова өзінің ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау бойынша сотта жеңіске жеткен еді.
Бұл іс бойынша жауапкер Дана Орманбаеваға Баян Алагөзоваға қатысты жалған ақпараттарды жоққа шығару міндеттелді.
Алайда, бұл іс апелляциялық сотта қайта қаралды. Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін заңды деп тапты.
Белгілі продюсер жеке парақшасында екінші тарапқа ескерту жасады.
“Енді сен қалай болады деп ойладың?” “Қадалған жерімнен қан алам” деген сенің сөздерің емес пе?! Енді артық сөзсіз, айтқандарыңды жоққа шығарып, кеткен шығынды қайтарғаныңды күтем. Олай жасамайсың ба, беліңді буып, бекем бол”, – деп ашуланды продюсер.