Бай мұрагер әйел қалай бейшара күйге түсті (фото)
Марианна Фридман-Фут өзі туып-өскен құны 10 миллион долларлық пәтерден бірнеше шақырым қашықтықтағы Нью-Йорктің орталық саябағында түнеп жүр. 63 жастағы Марианна бір кездері жоғары тап өкілі, Манхэттендегі беделді бизнесменнің немересі ретінде танылған.
Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Ол балет мектебін аяқтаған. Алайда анасының өлімінен соң өмірі күрт өзгеріп, тағдыр жолы ауырлап кеткен. Олар заттарын қоқыс пакеттеріне сақтап, өздері поролонды матрац төсеніп жатады.
Оның отбасы аумағы 370 шаршы метр болатын үлкен үйде тұрған. Қазір бұл пәтердің құны 10 миллион доллар. Алайда анасы қайтыс болғаннан кейін ол бәрін небәрі 3 миллион долларға сатуға мәжбүр болады. Ақшаны әпкесі Джорджия екеуі жұмсаған.
1950-60 жылдарға сәйкес келген балалық шағынан жағымды естеліктер қалмаған. Оның анасы депрессиямен ауырып, кейде адам түсініксіз шулы әрекеттер жасайды екен.
1971 жылы Марианна балет мектебін тәмамдағаннан кейін атасы қайтыс болады. Бұдан кейін анасы отбасылық ірі бизнесті бірнеше миллионға ғана саудалай салған.
Сол кезде Марианна туған үйінен кетіп қалады. Ол Бостон университетін бітіріп, медбике болып жұмыс істеп күйеуге шығады. Жизель есімді қызы өмірге келеді. Бірақ 30 жылдай уақыт бұрын ФБР қатарында жұмыс істейтін күйеуі жұмыс бойынша Нью-Йоркке кетуге мәжбүр болады. Олар Марианна туған ауданға қайта оралғаннан кейін көп ұзамай ажырасып кетеді. Бұрынғы күйеуі Флоридаға кетіп, Жизелді де өзімен бірге алып кетеді.
Марианна қызының үш жасынан бері оны әлі көрген емес. Ол балаларды көрген сайын қызын есіне алып, жүрегі ауырады. Бұл тақырыпта сөйлесуге де құштар емес.
Марианнаның бала кезде тұрған үйі
Ол ауыр жағдайларды көтере алмай есірткіге отырып, тіпті аптасына төрт рет қабылдайтын тәуелділікке жетеді. Анасының өлімінен соң әпкесімен бірге мұрагерлікке қалған ақшаны бөліп алып, қазіргі күйеуі Фрэнкпен танысады. Ол 59 жастағы құрылысшы екен. Олар 2000 жылы үйленіп, Лонг-Айлендтен үй сатып алады. Алайда қаржылық дағдарыс кезінде баспаналарынан қайтадан айырылып қалған.
“Біз анамыздың ақшасын қалай болса солай жұмсадық” дейді Марианна. Ақыры ерлі-зайыптылар өздері танысқан құрбысы Донна Элтингердің үйіне келіп тұрақтайды. Ол рактың жеңіл түрімен ауырады екен. Марианна мен Арэнк оны күтіп-баптайды. Донна үш жыл бұрын қайтыс болған, ал ерлі-зайыптыларды тамыз айында пәтерден шығарып жіберген.
Олардың жағдайымен танысып, істі қолына алған адвокат қала билігі оларды баспанамен қамтамасыз етуде көмектеседі деп үміттенеді.