Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Есебаев аты шыққан соң менсінбей кеткен әншілер жайлы шындықты айтты

Белгілі сазгер әрі продюсер Бауыржан Есебаев аты шыққан соң, ұстаздарын ұмытып кететін әншілер жайлы шындықты айтты. Қайрат Нұртас, Ернар Айдар сынды танымалдарға хит жазып берген сазгер шәкірттеріне іштей өкпесі бар екенін жасырмады.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

«Әншілердің өтетін кезеңдері болады. Басында келгенде «Осыдан танымал болсам, мәшінеңді, үйіңді алып берем, джип мінгізем» дейді. Кішкене көтеріле бастаған кезде сенен жақсы ешкім жоқ дейді. Халықтың қошаметіне бөленгенде ұмыта бастайды. Алғашқы концертінде алдыңғы орында, екіншісінде ортасында, одан кейінгісінде ең соңында отырасың. Қызығушылығы, құмары басылған соң аға-бауыр, ағайын-туысқанды, ұстаздарын іздей бастайды. Бәрі қалпына келеді. Әншілердің бәрі осы кезеңдерден өтуі керек», – дейді Есебаев.

Сазгердің айтуынша, Қайрат Нұртас бұл кезеңдердің бәрін артта қалдырып, ақыл тоқтататын жасқа келген. Ал өзге шәкірттерім әлі бұл кезеңге жеткен жоқ, дейді Есебаев.

 

Жіберіп алмаңыз:

Мәдинаға ұқсайды: Қарақат Әбілдинаның жаңа образы желіде қызу талқыға түсті

Жорабаева: Сұлтанқызы намысыма тиген кезде қасымдағылардың көзінше еңіреп жыладым

Шаршадым: Сиви Махмуди продюсерлік жобаларымен қош айтысты

Мейрамбек Бесбаев “Жекпе-жек” жобасын әділетсіз деп сынаған жұртқа жауап берді

Талқылау