Бауыржан Байбек ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алматы маңында әуе апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Басшылық атынан қайғылы жағдайда қаза болған профессор, акушер-гинеколог Талғат Патсаевтың, профессор, реаниматолог-дәрігер Жәнібек Артықбаев пен экипаж мүшелерінің жақындарына қайғырып көңіл айтамын.
Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, шын ниетімізбен қолдау көрсететінімізді айтқым келеді. Бұл бір отбасы үшін ғана емес, жалпы медициналық қауымдастық үшін орны толмас қайғы.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасына қаза болғандардың отбасына тиісті көмек көрсетілуі туралы бұйрық берілді», – деп атап өтті Алматы басшысы.
Жіберіп алмаңыз:
Ұшақ апаты: Дәрігерлер құтқармақ болған сәбидің жағдайы белгілі болды
Көмір тапшылығы: Қазақстандықтар күн суығанда үйді қалай жылытарын білмей отыр
Депутат алыстағы мектепке оқушылардың жалаңаяқ жетіп жүргеніне алаңдаулы
Әріптесі: Ұшақта қаза тапқан Патсаевқа қазақстандық дәрігерлер қарыздар