Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбекке қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік

Бауыржан Байбекке қарсы қылмыстық істің қозғалғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Байбек: Мұғалімдер түрлі есептер өткізбей, сабақ оқыту керек

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. 

"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өтінішіңізді қарап, аталған тұлғаның қылмыстық істер бойынша күдікті болып табылмайтынын хабарлайды", - деп хабарлады cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 

Бұған дейін БАҚ-та Бауыржан Байбектің Алматы әкімі болып тұрған кезінде "жемқорлық жасады деген күдікке ілінгенін" жазған болатын.

Еске салайық, қаңтар оқиғасынан кейін Байбек "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінен шығарылған болатын. Ақпан айының басында ол партия төрағасының орынбасары қызметінен кетті. 

Сондай-ақ ол мемлекет басшылығынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау –  елдігімізге, азаматтығымызға сын деп айтқан болатын. 

Маусым айында Байбекті Ыстамбұл әуежайында байқап қалған. Шілде айында ол Солтүстік Кипрде демалыста суретке түскен.

Талқылау