"Батыстағы ағайынды қолдаймын": Қайрат Нұртас билікке өтінішін айтты
Қайрат Нұртас Маңғыстау облысы халқына қолдау білдірді. Ол халықтың тұрмыстық жағдайы төмендеп кеткенін алға тартып, үкімет басшыларына өтінішін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Халықтың тұрмыстық жағдайы төмендеп кетті. Еш өзгеріссіз тұрған айлыққа қарамастан, азық-түліктен бастап барлығы қымбат. Халық бар болғаны уайым-қайғысыз өмірді қалайды. Үкімет басшыларынан Халық Алланың аманаты екенін ұмытпауын сұраймын. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тез арада оң шешімін шығарады деп үміттенемін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын", – деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Маңғыстауда митингке шыққандар әнші Қайрат Нұртастың көлігін өткізбей қойған. Куәгерлердің сөзінше, көлік әуежайға баратын жолмен кетіп бара жатқан.Тұрғындар әншінің көліктен шығуын талап еткен. Олар Қайрат Нұртастан Маңғыстауда орын алған жағдайға пікір білдіруін сұрады. Әншінің өзі ешқандай пікір білдірмеді.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады