Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім бостандыққа шықты

Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев көңілдесін өлтіруге тапсырыс бергені үшін 11 жылға сотталған. Араға 8 жыл салып қалған өтелмеген жазасын шартты жазаға ауыстыруды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: “Мой город”

Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев өтелмеген жазаны шартты жазамен ауыстыру туралы өтініш берген. Серікқалиев сот тағайындаған 11 жылдың 8 жылын өтеді. Ол 2027 жылдың 14 наурызында бостандыққа шығуы керек еді. Алайда экс-шенеуніктің нақты жазасы шартты жазаға 2024 жылдың сәуір айында ауыстырылған. Бірақ бұл туралы қазір ғана белгілі болды.

Жеңіс Серікқалиев жазасын өтеу кезінде тәртіп бұзбаған, жұмыс істеген, іс-шараларға қатысып, 15 рет мадақтау алған.

Еске салайық, 2016 жылдың 23 ақпанында Теректі ауданының бұрынғы әкімінің көңілдесіне екі ер адам шабуыл жасап, көптеген пышақ жарақатын салған. Әйел аман қалып, Теректі ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысының жүргізушісін таныды. Сот барысында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев досы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Қожамұратовқа көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген. Өйткені экс-әкім мен оның көңілдесінің ортақ қызы бар екен. Әйел оны қызымен бопсалаған. Қожамұратов бұйрықты орындаушы болып, әйелді өлтіру үшін жүргізушісін 500 мың теңгеге жалдаған.

Талқылау