Батыс Қазақстанда ер адам өз ұлын пышақтап өлтірді
Батыс Қазақстанда ер адам өз ұлын өлтірді. Қайғылы оқиға 11 қазан күні Ақжайық ауданында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

65 жастағы ер адам мен оның 42 жастағы ұлының арасында жанжал туындап, ер адам баласын басы мен мойнынан пышақтаған. Алған жарақатынан ұлы сол жерде көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі