Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы анықталды
Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы 14 жасқа дейінгі балалардан анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: freepik.com
Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар ауырған.
Санитарлық дәрігерлер аймақ тұрғындарын инфекцияның таралу қаупін азайту үшін алдын алу шараларын қолдануға шақырды.
Атап айтқанда:
- үй-жайларды желдету;
- адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу;
- науқастармен байланысты шектеу және оларды оқшаулау;
- Балаларға ерекше назар аудару, суық тию белгілері пайда болған кезде оларды балабақша мен мектептерге жібермеу сұралады;
- Егер жағдай нашарласа, медицина көмегіне жүгіну керек.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев жұртты алаңдатқан метапневмовируске байланысты пікір білдіріп, дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ екенін айтқан еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін