Батыр Жүкембаев өзбекстандық боксшымен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) өзбекстандық Шохжахон Эргашевпен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қос боксшы арасындағы айқас 9 мамыр күні Ташкент төрінде өтеді.
Бұл кешті All Stars Entertainment компаниясы ұйымдастырып отыр.
Айта кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы рет Астанада өткен бокс кешінде ағылшын боксшысы Кейн Гарднермен (17-4, 7 КО) өзара кім мықтыны анықтаған еді.
64,4 келі салмақта жұдырықтасқан Жүкембаев пен Гарднер WBA Continental Gold тұжырымы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеуге таласты.
Нәтижесінде Жүкембаев төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жеткен. Ол кәсіби мансабында 25 жекпе-жек өткізіп 24-де айқын басымдықпен жеңген.
Ал оның қарсыласы өзбек боксшысы Шохжахон Эргашев карьерасында 24 жекпе-жектің 22 рет жеңіп, 2-де жеңіліс тапқан.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

