Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баспаналы болған ата-ана өз баласына Жилстройбек деп ат қойды

Әлеуметтік желілер мен ұялы байланыс мессенджерлеріне Жилстройбек есімі берілген сәбидің туу туралы куәлігінің фотосы тарай бастады.

20161013100316

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Ғаламтор қолданушылары ата-аналар Тұрғын үй жинақ банкінен баспана алғаннан кейін өз баласына сондай есім қоюға шешім қабылдағанын айтады. Алайда банктің Астанадағы бас кеңсесі аталған ақпаратты растаған жоқ.

Фотодағы мәліметтерге сенсек, туу туралы құжат Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында берілген. Жилстройбектің тегі -Батырбек. Әкесінің аты – Еркебұлан.

Біз Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Астанадағы бас кеңсесіне хабарласып, ғаламтор арқылы тараған фотоның шын-өтірігін білген едік. Банк қызметкерлері ол жаңалық туралы естіген. Дегенмен, оны растап отырған жоқ. «Бұл фото коллаж да болуы әбден мүмкін. Біздің банкті жарнамалаудың бір әдісі шығар. Бірақ ол жаңалықты растай алмаймыз», – дейді олар.

Әлеуметтік желілер арқылы таралған құжаттың түпнұсқалығы расталмаса да, ғаламтор қолданушылары бұл жаңалықты әжуаға айналдырып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспана алған отбасыларға балаға ат қоюдың жаңа үлгілерін ұсына бастады. «Баланың аты қазақша жазылса,оның аты Жилстройбек емес, Тұрғынүйқұрылысжинақбек болуы керек қой», – деп жазды біреу. «Қыз туса, Жилстройгүл деп қоямыз!», – дейді тағы бір қолданушы.

Жіберіп алмаңыз:

Бай болудың 14 құпиясы

Құран мен Інжілді біріктірген кітап басылып шықты

Ғалымдар эмбрионның жүрегі ұрықтанудан кейінгі 16 күнде соға бастайтынын анықтады

Программист дауыстап бұйрық беру арқылы шай қайнатуды ойлап тапты

Талқылау