Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баскетболдан 16 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының жас спортшылары өте ауыр жағдайда жарысқа дайындалуда

Фото: Ашық әлеуметтік желілерден алынған

Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге дайындалып жатқан жағдай қоғам мен ата-аналар арасында үлкен наразылық туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақын арада ел намысын халықаралық аренада қорғайтын жас спортшылар Түркістан облысы, Мырзакент ауылындағы қарапайым жағдайы жоқ жеке үйге орналастырылған. Баскетболшылар жерге төсеніш төсеп ұйықтап, даладағы дәретхананы пайдалануға мәжбүр. Жаттығу залы ретінде ескі жабдықтары бар мектеп қолданылуда.

Фото: Ашық әлеуметтік желілерден алынған

Айта кетейік, жаттығу жиыны 16–26 мамыр аралығында өтуде. Бұл — Өзбекстанда 26–30 мамыр күндері өтетін FIBA Asia Cup U16 (CABA) іріктеу турниріне дайындықтың соңғы кезеңі.

Қазақстан Баскетбол федерациясы бұл жағдайлар туралы спортшылар мен олардың ата-аналары алдын ала хабардар болғанын мәлімдеп отыр. Федерация өкілдерінің айтуынша, бұл орынды жаттықтырушылар штабы әдейі таңдаған: ауа райының ыстығы, жаттығу залына тұрақты қолжетімділік және Өзбекстанда өтетін FIBA Asia Cup U16 (CABA) іріктеу турнирі өтетін жерге жақын орналасуы ескерілген.

Фотоларда жасөспірімдердің тар бөлмеде жерге жайылып жатқан көрпеде ұйықтап жатқаны көрінеді. Дәретхана – далада, ал спорттық база ретінде — ескі құрал-жабдықтары бар қарапайым мектеп пайдаланылуда. Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясы спортшылар мен жаттықтырушылар дайындық жағдайларымен алдын ала таныстырылғанын және ата-аналар мен балалар тарапынан ресми шағым түспегенін мәлімдеді.

Федерацияның айтуынша, Мырзакент ауылын жаттықтырушылар құрамы мынадай критерийлерге сүйеніп таңдаған: ыстық климат, ойын залына үнемі қолжетімділік және САВА өтетін орынға жақын орналасуы.

Федерация дайындық жоспарына сай әрекет еттік деуден танбаса да, ата-аналар мен жұртшылықтың пікірі анық: жас спортшыларды қолдау осылай нашар жағдайда өтпеу керек деп есептейді.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 14:50