Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басқа сектаға кірген мұсылманның жаназасы оқыла ма

Егер де бір мұсылманның жақыны басқа дінге кіріп дүние салғаны белгілі болса, сектаға кірген жақынын мұсылманша жуындырып, кебіндемейді, жаназасы оқылмайды.

87c8bc925692363784a12ad7e93e5fc1_resize_w_782_h_439

Артынан сауап амалдар да бағышталмайды. Себебі, ол пенде бұндай амалдарға лайықты болып саналмайды. Өзінің киген киіміне орап, бөлек жерлейді. Яғни, мұсылмандардың зиратына қойылмайды. Жерлегенде де мұсылманша ақым қазылмайды. Шұңқырға тастаумен шектеледі.

Мұсылман жақындарының бұлай жасауы – жақындық міндеті, бәлки адамдық міндеті. Топыраққа көму қажеттігі – имансыз өткен мәйіттің сүйегі ит-құсқа жем болмас үшін, қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін жасалады.Немесе  өзге дін өкілдеріне  мәйітін тапсырады. Басқа мұсылмандар ол пенденің имансыз, басқа дінге кіріп, кейін сол күйінде қайтыс болғанын білсе қазасына қатыспайды.

Өйткені, Алла Тағала мұсылмандарды бұл амалдан қатаң түрде қайтарып, Қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед!) Олардың мәңгілікке (зиян шегіп) өлген бірде-біреуінің жаназасын оқыма һәм дұға ету мақсатында қабірінің басына барып тұрма. Расында, олар Алланы да, пайғамбарын да мойындамай күпірлік қылды әрі тура жолдан тайған азғын күйінде өлді», – дейді («Тәуба» сүресі, 84-аят).

Алла Тағала  барша мұсылман отбасын бұндай бақытсыздықтан сақтасын.

Мұқанов Асқар

muslim.kz

Жіберіп алмаңыз:

Қазақтандық ару өзге елдің сектасына кіріп, туыстарын “мәйітжегіш” деп айыптаған

Жолымды қалай ашам деушілерге діндарлар жауап берді

Шариғат бойынша зират қасынан өткенде бет сипау дұрыс па

Талқылау