Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басқа мектептің ғимаратын берген": Пианиношы Жәния Әубәкірова музыка мектебін ашуға Назарбаев көмектескенін жасырмады

Танымал пианиношы, музыка мектебінің негізін салушы Жәния Әубәкірова тұңғыш президент Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваны оқытқан. Ол мектепті ашуда бұрынғы президенттің көмегі тигенін де жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бабай Белимбайдың Youtube-арнасындағы сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скриншот

Жәния Әубәкірова авторлық музыка мектебін ашу оңайға соқпағанын айтады. Десе де оған бір күні Назарбаев қоңырау шалып, қызы оқығысы келетінін айтыпты.

“Сен мектеп ашқың келеді екен ғой. Қызым Байсейітов мектебінде оқып жүр, бірақ сенікіне барғысы келеді” деді. Мен “иә, бәрі дайын, тек ғимаратпен проблема шешілмей тұрғаны” дедім. Әрине, президенттің көмегімен ашылды.Мен оған қандай ғимарат керек екенін айттым. Ол Прокофьев мектебінің ғимараты еді. Әрине, сондағы ұжым наразы болды, шу шықты. Бірақ мемлекет маған көмектесті. Өйткені сондай мектеп керек болды. Бұл мектеп кейін түсінді, 30 жыл бірге жұмыс істеп келеміз”, – деді Әубәкірова. 

Ол, сондай-ақ, қазақ мектептерінің сапасы мен оған қатысты сұраны туралы да айтты.

“Қазақ және орыс мектебі үшін талап бірдей. Бірақ қазақы тәрбие, заманауи тенденция, шетелдік жаңашылдық, бәрін қосқанда, қазақ мектебінде бәрібір сапасы жақсырақ сияқты. Десе де қазақ тілі ағылшын және орыс тілдерімен бәсекеге түсе алмай жатыр. Енді Алматыдағы жағдай түсінікті ғой. Бір ұстаз “қазақ тілділерге жағдай жасалмаған” деп ренжіп кетті. Алайда бірден бірдей ету мүмкін емес қой”, – деді өнерпаз.

Сөзінше, қазір авторлық мектебінде сабақ қазақ және орыс тілдерінде кезекпен өтеді. Десе де көпшілігі орыс тілін таңдайды дейді.

“Ұлым мектебімнің қазақ сыныбын бітірді. Бірақ 10-сыныпқа дейін 3-ақ адам қалды. Бәрі ақырындап орыс бөлімге ауысып кетті. Ұлым да 11-сыныпты орысша аяқтады”, – деді ол.

Талқылау