«Басқа қызбен жүретін»: Назгүл Қарабалина Азамат Сатыбалдыны өзіне қарату үшін блокнотқа хат жазған
Назүл Қарабалина Азамат Сатыбалдыға бірінші ғашық болған. Алайда, ол уақытта Азаматтың жүріп жүрген қызы бар болған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап.

Назгүл Азаматты өзіне қарату үшін блокнотқа хат жазған.
«Блокнотқа «Азамат егер менің сені жақсы көретінімді қабылдасаң, түсінсең онда мен сенің әке-шешеңе барлық жағдай жасайтын едім, бауырларыңды сыйлайтын едім» деп жазғанмын. Сөйтіп ол оқиды. Әке-шеше деген сөз қай еркектің жүрігені тимесін. Оның алдындағы қызымен осы үшін сөзге келіспей қалған болу керек. Ал мен сол нәрселерді жазғанмын», – деді актриса күліп.
Айтуынша, кейіннен Азамат Назгүлді өзі шақырып, оны сағынғанын айтқан.
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр