Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басқа қалада тіркелген болсаңыз, референдумда қалай дауыс беруге болады

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Республикалық референдум күні тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын азаматтар дауыс беру құқығынан айырылмайды. Ол үшін алдын ала учаскелік комиссияға жүгініп, арнайы есептен шығару куәлігін алу қажет. Осы орайда Stan.kz  әр өңірдегі сайлау учаскелерін анықтауға арналған байланыс нөмірлерін түгендеп шықты. 

Өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерде болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы басқа қалада тіркелген азаматтарға мұндай жағдайда қалай әрекет ету керегін түсіндірді. Олардың мәліметінше, азамат 14 наурызға дейін өзінің учаскелік комиссиясына жүгінуі керек. 

“Ол үшін биыл 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгіне аласыз. Сосын жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуасыз. Ал комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi. Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді”, – делінген хабарламада. 

Комиссия мәліметінше, есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және телнұсқасы берілмейді.

Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді. Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді. 

Неге алдын ала тексеру маңызды?

Референдум күні кейбір сайлаушылар өз учаскесін білмей қалады немесе тізімде қате барын сол жерде ғана байқайды. Алдын ала тексеру:

  • қай учаскеде дауыс беретініңізді ертерек анықтауға;
  • деректеріңіз базада бар-жоғын тексеруге;
  • мәселе болса, референдумға дейін түзетуге мүмкіндік береді.

Бұл уақытты үнемдейді, дауыс беруден бас тарту қаупін азайтады және референдум күні кезек пен ұйымдастырушылық қиындықтардың алдын алуға көмектеседі.

Жаңа Конституция бойынша жалпыұлттық референдум биыл 15 наурызда өтеді. 

Мәселен, Астанада өз учаскеңіз туралы ақпаратты мына қызметтер арқылы алуға болады:

  • referendum.astana.kz сайты;
  • Telegram желісіндегі referendum_astana_bot боты;
  • 109 нөмірі арқылы iKomek бірыңғай байланыс орталығы.

Ал Алматы қаласында 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша жалпыұлттық референдумға байланысты тұрғындарға ақпарат беру үшін бірыңғай call-орталық жұмысын бастады. Қызмет қала тұрғындарына дауыс беру тәртібін түсіндіру үшін іске қосылған.

Өз учаскеңді қалай тексеруге болады?

1308 нөміріне қоңырау шалу арқылы:

  • референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінде бар-жоғыңызды тексеруге;
  • өзіңіздің сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын білуге;
  • дауыс беру тәртібі мен учаскелердің жұмыс уақыты туралы кеңес алуға болады.

Call-орталық күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қызмет референдум өтетін күнге дейін қолжетімді.

Онлайн тексеру мүмкіндігі

Алматы қаласында 654 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Ал сіз дауыс беру учаскеңізді қашықтан да анықтай аласыз. Он:

  • Алматы әкімдігінің open-almaty.kz сайтында;
  • Telegram желісіндегі @almaty_referendum2026_bot боты арқылы білуге болады.

Қызметті пайдалану үшін Жеке сәйкестендіру нөмрін (ЖСН) енгізу қажет.

Шымкент қаласында да референдумға арналған бірыңғай call-орталық пен онлайн-сервистер іске қосылды. Қызмет тұрғындарды ақпараттандыру және дауыс беруге қатысты сұрақтарға жедел жауап беру үшін ұйымдастырылған.

Қала тұрғындары өзінің дауыс беру учаскесін мына желілер арқылы біле алады: 

  • 109 нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығы;
  • Telegram желісіндегі @sailau_shymkent_bot чат-боты;
  • shm.saylaw.kz ресми сайтында.

Аталған сервистер арқылы тұрғындар өздерінің қай учаскеде дауыс беретінін, мекенжайын және дауыс беру тәртібін алдын ала біле алады.

Түркістан облысы тұрғындары мына байланыс нөмірлері арқылы өз учаскесін анықтай алады.

  • 109 нөмірі арқылы бірыңғай байланыс орталығы;
  • Telegram-бот: @tur_saylaw_bot;
  • Веб-портал: https://tur.saylaw.kz. 

Қажет ақпаратты сайттан Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы алуға болады. 

Республикалық референдумға байланысты Жамбыл облысында тұрғындарға дауыс беру учаскесін анықтауға көмектесетін call-орталықтар жұмыс істеп тұр. Әр аудан мен қала бойынша байланыс нөмірлері мен мекенжайлар төменде көрсетілген:

  • Тараз қаласы – Call-орталық: 45-48-14. Мекенжайы: Ы. Сүлейменов көшесі, 3-үй;

Қызылорда облысының әкімдігі де саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы платформаларды іске қосты.

  • Облыс тұрғындары үшін referendum.orda.gov.kz сайты қолжетімді. Азаматтар сайтқа кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады;
  • Мұндай қызмет Telegram желісінде де бар. t.me/referendumKzo_bot арнайы бот жұмыс істейді;
  • Мұнан бөлек, референдум кезінде жергілікті тұрғындар үшін 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауға дайын. 

Дауыс беру күні Қызылорда қаласында 5 учаскеде онлайн сервис ашылады. Олар тізімде жоқ азаматтарды тіркеу қызметімен айналысады.

Батыс Қазақстан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы және Telegram-да BQO_referendum_2026_bot жұмыс істейді. 

Ал Орал қаласы бойынша мына байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: 

  • 8 (7112) 50 02 55;
  • 8 (7112) 50 30 53;
  • 8 (7112) 24 04 09.

Маңғыстау облысының тұрғындары өз учаскесінің нөмірі мен мекенжайын:

  • man.saylaw.kz сайты арқылы;
  • Telegram-дағы арнайы чат-бот арқылы біле алады.

Қызметті пайдалану үшін ЖСН енгізу қажет. Егер жүйеде мәлімет шықпаса, тұрғылықты жеріңіздегі әкімдік жанындағы call-орталыққа жүгініп, деректерді тізімге енгізуді сұрау керек.

Қарағанды облысының тұрғындары дауыс беретін учаскесін біліп, тізімде бар-жоғын Senim109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тексере алады. Ол үшін 109 нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Байланыс орталығы учаскенің нөмірі мен мекенжайын айтып, дауыс беру тәртібі бойынша да кеңес береді.

Қостанай облысының тұрғындары референдумда дауыс беретін учаскесі туралы ақпаратты бірнеше арна арқылы ала алады:

  • ресми веб-сервис арқылы: sailau.ikostanay.kz (ЖСН енгізу қажет);
  • Telegram желісіндегі @sailau_kostanay_bot чат-боты арқылы;
  • 1315 нөмірі бойынша бірыңғай call-орталыққа қоңырау шалу арқылы.

Аталған сервистер тұрғындарға өз3нің қай учаскеде дауыс беретінін, учаскенің мекенжайын және дауыс беру тәртібін алдын ала білуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысында референдумға қатысты сұрақтарға жауап беретін call-орталықтар күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

  • Павлодар қаласының тұрғындары мына нөмірлерге хабарласа алады: 8 (7182) 32-00-36, WhatsApp: 8 777 252 47 44;
  • Telegram желісіндегі @PVLSailau_bot чат-боты арқылы референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізімінде бар-жоғыңызды тексеруге, өз учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын біле аласыз.

Абай облысының тұрғындары өзінің дауыс беретін учаскесін бірнеше арна арқылы анықтай алады:

  • ЖСН бойынша сайлау учаскесін іздеу ақпараттық сервисі арқылы t.me/vote_abai_bot;
  • 109 нөмірі бойынша бірыңғай call-орталыққа қоңырау шалу арқылы.

Өскемен қаласының тұрғындары үшін арнайы Telegram-да @vote_vko_bot чат-боты іске қосылған. Егер чат-ботта деректеріңіз шықпаса, әкімдік тұрғындарды төмендегі нөмірлерге хабарласуға шақырады:

  • 8 (7232) 40-12-32;
  • 8 (7232) 40-11-88.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңа Конституция бойынша референдумда бюллетені таныстырылған еді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Наурыз, 2026 17:19