Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жүргізуші басқа адаммен шатастырып өзге жүргізушімен жаға ұстасып қалды (видео)

Семейде жүргізушілер жаға ұстасып қалды Фото: Видеодан скрин

Семейде “102” арнасына жолда жүргізушілер арасында жанжал туғаны туралы хабар келіп түсті. Полиция оқиға орнына дереу жетіп, жағдайдың мән-жайын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

41 жастағы жүргізуші мен оның 70 жастағы жолаушысы жол қозғалысының басқа қатысушысын басқа адаммен шатастырып алған. Салдарынан олардың арасында жанжал туған. 37 жастағы ер адамның ұлдары әкесінің қауіпсіздігіне алаңдап, полицияға хабарласқан.

Полиция жанжалға қатысушылардың барлығын ұстап, жағдайдың одан әрі ушығуының алдын алды. 

“Жәбірленуші тарап арыз жазудан бас тартты. Бірақ Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарлады Аба облысынығ полиция департаменті.

Материал сотқа жолданды.

Айым Болатқызы
Жұма, 13 Ақпан, 2026 08:40