Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басында қарсы болдық". Жұбаныш Жексенұлы италиялық келіні туралы айтты

Отандық әнші Жұбаныш Жексенұлы Динара Сәтжанға берген сұхбатында италиялық келінін ауыз толтыра мақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Cұхбаттан кадр

“Мың келінге татитын бір келін деп айтуға болады. Ақылы көркіне сай. Ең бастысы ойының тереңдігі, оқығандығы. Ол – консерваторияда пианино класын қызылмен бітірген муызкант. Ал музыканттың соншалықты саяз болуы мүмкін емес. Үлкен ұлым гитарист. Гитарист пен пианисттен туған кішкентай немерем бар”, – дейді өнер иесі.

“Ұлыңыз италиялық аруға үйленемін дегенде қарсы болдыңыз ба?” деген сұраққа әнші: “Мен ауылда, қазақы ортада, нағыз қазақ отбасында өскен жігітпін. Басында әрине, біз қарсы болдық. Бірақ жастар дегеніне жетті. Бізге жылдар бойы дәлелдеумен болды. Дегенінен қайтпаса, көп адам солай мақсатына жетеді. Біз олардың махаббатын түсінбегендіктен емес, біздің қазақы болмысымыз жібермеді. Бәріміз қарсы болып, “келініміз басқа ұлттан” деп даурығып жатқанда, әкем: “Ұлттың жаманы болмайды, адамы дұрыс болсын” деді. Осы бір ауыз сөзбен әкем батасын берді, бәрі шешілді”, – деп жауап берді Жұбаныш.

Талқылау