"Басыма тапанша кезеді": Олимпиада жүлдегері шетелде отандастарының өзіне қастандық жасағанын айтты

Бокстан Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері лемнің күміс және қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев шетелде өз отандастары өзіне қастандық жасағанын айтып, құзырлы органдардан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Боксшының айтуынша, оның екі қазқстандық азамат Түркияға бапкерлік қызмет бойынша шақырған.
“2025 жылы мамырда Иманалиев Нұрлан, Мұқашев Шыңғыс мені бапкерлік қызметпен Ыстамбұл қаласына шақырды. 10 күндей солардың үйінде тұрып, бапкер болдым. Одан елге қайтып келген соң Шыңғыс маған бірнеше рет хабарласып “1-2 адамды сындыру керек, ақша беремін, барынша қол-аяғын сындыру керек” деді. Мен бірден “маған ондай нәрсені айтпа, ондай нәрсеемен айналыспаймын” деп бас тарттым. 2026 жылы қатар айында тағы шақырып, бапкерлік қызмет бойынша ақылдасатын дүниелер бар деді. Бапкерлік мансабың басталады деп уәде берді. Өздеріне де жаттығу жасау керегін айтқан. Қаңтар айында ұшып барып, мені күтіп алды. Сөйтіп мені Ыстамбұлдан 150-200 шақырым жерде ну орманның ішіне тастанды ғимаратқа апарып, бір қағаздар көрсетіп, “Ұлттық қауіпсіз комитетінің қызметкерімін” деп мойындайсың деп мәжбүрледі. Маған жалған ақпарат айтқызып, басыма оқталған тапанша тақады. Мен қорыққанымнан өзімнің не айтып, не қойғанымды білмеймін”, – деп ақталды спортшы.
Спортшы Бас прокуратураға бейнеүндеу жолдап, болған жайтты жан-жақты тергеп-тексеруді талап етті.
Сондай-ақ оның сөзінше, орманда басқа да адамдар болған. Оладың бәрі Орта Азиядан Түркияға қашып барған сақалды жігіттер деп топшылады ол.
“Менің ойымша, олар Түркия билігінен саяси баспана сұрап алу үшін осындай әрекетке барды”, – деді Еркебұлан Шыналиев.
Боксшы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасынан жағдайға құқықтық баға беріп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады.