Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басыма ешкім көк тас орнатпайды": Дана Нұржігіт оқырманға ой салатын жазба жариялады

Танымал журналист, экс сенатор Дана Нұржігіт жоқ деп айтуды үйренуге үндеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dana_nurzhigit/

БАҚ өкілі осы күнге дейін ешкімнің ұсынысынан бас тартпаған көрінеді. 

“Жатар алдындағы ойлар ғой… Кеше өзім үшін үлкен жаңалық болған оқиға басымнан өтті. Бұрын-соңды жасамаған ісім. Үлкен форумға қатысуым керек еді. Таңертең басымды көтере алмай, дел-сал боп ояндым. Алда қандай күн болатынын біліп, ұйымдастырушыларға қоңырау шалдым. Шынымды айттым. Басым солқылдап, жүрек айнып, жағдайымның болмай тұрғанын. Тұтқаның арғы жағындағы адам мені "естімеді". Түсінемін, бәрі ең алдымен өз жағдайын ойлайды ғой. Менің алдын ала ескерткенім дұрыс дегенім жайына қалды. Сенің қалыңды ойлайтын ешкім жоқ екен. Осы кезде мен өмірімде жасамағанымды жасадым. Не болса да эфир үшін жанпида деуші едім бұрын, сөз бердің бе, өл, тал, жаса дейтін едім! Осы жолы отырған орнымнан тапжылмай, солқылдаған басымды орап алып, бүк түсіп жатып алдым. Мұндай "Дананы" мен өзім де жаңа көріп тұрмын!
Менің жанұшырып жүгіргенім үшін басыма ешкім көк тас орнатпайды. Өмірі өзегім талып шапқылаймын да жүремін. "Тұра алмай жатырмын" дегенді еститін құлақ жоқ. Осы жолы мен өзімді таңдадым! Айттым бітті! Қазір! Дәл қазір мен өзіме керекпін! Мұндай кезде тек өзіңді таңда дедім өзіме!" – деді экс сенатор. 



Одан кейін журналист жасаған іс-әрекетіне өкінбегенін жеткізді. 

“Осыдан кейін білесіз бе, тіпті баяғыда өзімді-өзім жеп қоя жаздайтын кеудеңдегі құрт та өліп қалғандай, тым-тырыс болды да қалды. Айыпты болдым, ұят болды-ау деген ой да келмеді. Мен "жоқ" дей алатын болыппын. Өзімді таңдайтын болыппын деп рахаттанып қалдым! Кім не ойлайды деген "азаптан" азат болғаннан артық не бар?!" – деді БАҚ өкілі. 

Еске салайық, Дана Нұржігіт кибер кеңістіктегі алаяқтардан сақ болуға шақырған еді. 

Талқылау