"Яндекс.Таксиге" жоғары сұраныс кезінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету ұсынылды

Фото: depositphotos.com
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен және қауымдастықтармен бірлесіп, такси қызметінің қызметіне қатысты мониторингтік топтың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отырыста баға динамикасы, сондай-ақ “Яндекс.Таксидің” міндеттемелерін орындау барысы қаралды.
“Яндекс.Таксиге бағаның шарықтау кезеңдеріндегі құбылмалылығын төмендету және сұраныс жоғары аймақтарға жүргізушілердің уақтылы ауысуын ынталандыру үшін алгоритмдерде болжамдық деректерді пайдалануды күшейту ұсынылды”, – делінген хабарламада.
-
"Бағаны әдейі төмендетеді": Белгілі кәсіпкер "Яндекс.Такси" бәсекелестеріне Қазақстан нарығына шығу неге қиын екенін айтты
-
БАҚ: Ресей арнайы қызметі "Яндекс" арқылы қазақстандықтардың деректеріне қол жеткізе алады
Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзушылықтары анықталған жағдайда агенттік тиісті шаралар қабылдайды.
Еске салсақ, осыған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексеріс жүргізіп, “Яндекс.Такси” бағаны қайта қарайтынын мәлімдеген еді.
Оған қоса "Яндекс.Такси" тарифтердің қымбаттайтыны туралы үш күн бұрын хабарлауға міндеттелген еді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды