Бәсекелестікті дамыту агенттігі тарифтердің көтерілуі туралы хабарламадан кейін Beeline-ды тексеретін болды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарифтердің көтерілуі туралы хабарламадан кейін Beeline-ды тексеретін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BES.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: mail.kz
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2025 жылдың ақпанында тарифтердің көтерілуі туралы хабарламадан кейін Beeline-ды тексереді.
"Beeline ("КаР-Тел" ЖШС) желтоқсан айының соңында 2025 жылдың ақпанынан бастап тарифтерін көтеретінін хабарлады. Осыған орай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚАО) ұялы байланыс операторының әрекетіне қатысты тексеруді бастады", – делінген хабарламада.
Мәліметке сәйкес, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі оператордан өзгерістердің негізділігін талдау үшін құжаттарды сұрады. Сонымен қатар 2024 жылға арналған байланыс қызметтеріне баға динамикасын зерттеп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар байланыс операторы тарифтерінің бағасы көтерілгенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жағдайды зерттейтіндерін хабарлаған.