Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокурор педофилдердің неліктен жазадан құтылып кететінін айтты

Елімізде биылдың өзінде 200-ге жуық ұл-қыз педофилдердің құрбаны болған. Бүгін осы сексуалдық сипатта зорлық көрген балалар туралы айтқан Бас прокурор азғындармен бірігіп күресуге шақырды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

ZHakip-Asanov-e1468507032821

Жақып Асановтың айтуынша, көп жағдайда зорлық көрген балалар болған сұмдық туралы ашық айтуға қорқады. Сондықтан балабақша мен мектептердегі медициналық тексеру кезінде гинекологтар да атсалысуы қажет дейді прокурорлар.

Сөйтіп, кішкентай қыздардың жыныстық қатынаста болған болмағанын біліп, мән-жайды анықтауға болады. Оның үстіне Асанов педофилдердің көбі жазадан сытылып кетеді дейді. Өйткені азғындардың көбі зорланған ұл-қыздың әкесі, ағасы немесе жақын туысы болып шығады екен.

“Кейде болған істі айтпаймыз, жасырамыз. Ұят болады дейміз. Бұл дұрыс емес. Онымен қылмыстың жасырын созылмалы түрге айналуына көмектесеміз. Сондықтан балаңыздың намысы аяққа тапталса, үнсіз қалмаңыз”, – деді ҚР Бас прокурор Жақып Асанов.

Оқи отырыңыз:

Жібек Мусинованы зорлады деген күдіктілер бойжеткеннің өз еркімен қатынасқа түскенін мәлімдеді

Қазақстандық дәрігерлер Ақтауда зорланған қызды бағаналық жасушамен емдеуден бас тартты

Қазақ қызы түрік азаматына тұрмысқа шыққаны үшін қатты өкініп жүр

БҚО-да 6-сынып оқушысы әкесінен жыныстық зорлық көрген

Талқылау