Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратураға математик іздеген Бағдат Мусиннің жазбасы желіде қызу талқыға түсті

Жуырда ғана бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша Комитет төрағасы болып сайланған «Қазпошта» АҚ-ның бұрынғы басшысы Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі парақшасына жазба қалдырып, өз командасына жаңа қызметкерлер іздеп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170126200530

«Прокуратурада қызықты есептерді шешу үшін математиктер мен ИТ мамандарын іздеймін», – деп жазады Мусин. Алайда ол жаңа қызметкерлерді нақты қандай жұмыс күтіп тұрғанын және түйіндемені қайда жіберу керектігі туралы ақпарат қалдырған жоқ.

Аталған постқа мыңдаған адамдар лүпіл қойып, жүздеген адамдар пікір білдірді. Бұдан бөлек, БАҚ беттерінде жарияланды.

Желі қолданушылары түйіндемені қайда жіберу керектігін және жұмыс туралы сөйлесу үшін оған қалай хабарласуға болатынын сұрап әлек болды. Алайда жаңа тағайындалған прокурор әзірге оларға жауап берер емес.

«Шынымды айтсам олар өздеріне қандай маман керектігін білмейтін секілді. Қандай міндет?Айлығы қанша?» – дейді желі қолданушыларының бірі.

«Айлығы жоғары жұмысқа көріпкел адам қажет. Ал байланыс нөмірі үміткердің өзіне белгілі болуы тиіс», – деп қалжыңдады екіншісі.

Бағдат Мусин бір ғана желі қолданушысының сауалына жауап берген. Ол прокурорға «Қазпоштадағы» командасын жаңа жұмысқа алуды ұсыныпты.

Мусин: «Олай болмайды. Ол жақтағы қызметкерлердің өз міндеттері жетеді», – деді.

Біраз уақыт өткен соң Мусин ақырында түйіндемені қабылдайтын мекен-жайды көрсетті.

Айта кетейік, елбасының үкімімен, Бағдат Мусин Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді. Ол 2014 жылдан бастап «Қазпошта» АҚ-ның басшысы қызметін атқарған болатын.
Жіберіп алмаңыз:

Сапарбаев Қытай инвесторларына шүйлікті

Президент жолдауынан: Қытай Қазақстанда өндіріс орындарын құрады

Жамбылда сәбиін әжетханаға тастап жіберген келіншек мерзімінен бұрын түрмеден шықты

Баян мен Тұрсынғали махаббат хикаяларының қалай басталғанын айтып берді

 

 

Талқылау