Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура рейдерлік жасады деп айыпталған Нығматулиннің ағасына қатысты пікір білдірді

Бас прокуратурасы кәсіпкер Рамис Ибрагимовтың бопсалауға қатысты арызы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.  Кәсіпкер мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің егіз ағасы Ерлан Нығматулин бизнесімді рейдерлікпен тартып алды деп арыз түсірген. Ведомство бұл іске қатысушылардың кім екенін айтпай отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Km.ru

“Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі бопсалау фактісі бойынша Рамис Ибрагимовтың арызы негізінде қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етілуге ​​жатпайды”, – деп мәлімдеді бас прокуратура.

Бұған дейін Ибрагимов пен оның жары, Zara франшизасының бұрынғы иесі Наталья Овдейчук, AIRAN YouTube арнасына берген сұхбатында Ерлан Нығматулинді олардың бизнесін рейдерлік жолмен басып алды және бопсалады деп айыптады. Овдейчуктың айтуынша, оларға қысым жасалғандықтан, күйеуі Рамис Ибрагимов "Қазақмысқа" қызмет көрсететін көлік компаниясын Нығматулиннің атына аударуға мәжбүр болған.

Ибрагимовтар отбасының адвокаты Игорь Вранчевтің айтуынша, қолда бар дәлелдер мен бірнеше куәгердің айғақтарына қарамастан, Нығматулиннің ісінің қазіргі статусы – "қорғауға құқығы бар куәгер". 

“Егер бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғалса және оның артынан іздейтін адам болмаса бірден тергеу изоляторына жібереді. Бұл жағдайда Нығматулинге қатысты ешқандай шаралар қолданылған жоқ және қолданылмайды. Істі қайта-қайта тоқтатып жатыр. Себебі тергеу органы халықаралық сұраныстар жіберіп, тағы басқа себептермен созылып жатыр. Бірақ әзірге істің алға жылжитын түрі жоқ”, – дейді заң өкілі.

Сұхбат барысында кәсіпкер нақты кәсіпорынның атауын атамайды. Дегенмен Рамис Ибрагимов сұхбат кезінде компания жаңа иелеріне өткеннен кейін Нығматулин оның "Вираж Сервис Қарағанды" компаниясында жұмысын жалғастыруын талап еткенін айтты.

“Ол менен және жұбайымнан өзіне жұмыс істеуіді талап етті. Себебі жұбайымның франшиза бойынша Zara дүкені болған, ол City Mall-да (Қарағандыда) орналасқан. Ол бізден дүкенді де алып қана қоймай, менің "Вираж Сервис Қарағанды" компаниясында жұмыс істеуімді де талап етті. Біз бұл талаптан бас тарттық”, – дейді Рамис Ибрагимов.

Kompra.kz мәліметінше, "Вираж Сервис Қарағанды" ЖШС-інің негізін 2008 жылдың қараша айында Виктор Евсюков қалаған. 2009 жылдың наурызында компания Рамис Ибрагимовтың меншігіне өтті. Ол 2016 жылдың наурызына дейін осы компанияның құрылтайшысы болды.

2016 жылдың 24 наурызында Ваез Бикметов компанияның жаңа иесі болды. Алайда арада бес күн салып 29 наурызда, оны Любовь Григоренко алмастырды. 2016 жылдың қазан айынан 2021 жылдың шілде айына дейін "Вираж Сервис Қарағанды" ЖШС-нің құрылтайшысы Ерлан Зайруллаевич Нигматулин болды.

Қазіргі уақытта компанияның иесі – Эдуард Огай.



Құрылғалы бері "Вираж Сервис Караганда" ЖШС қызмет түрін үш рет өзгертті:

  • 2010-2015 жылдары – автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • 2015-2024 жылдары – көліктік-экспедиторлық қызметтер;
  • 2024 жылдың тамыз айынан бастап – жылжымайтын мүлікті жалға беру (субаренда) және меншікті немесе жалға алынған тұрғын жылжымайтын мүлікті басқару.

2015 жылдан 2025 жылға дейін "Вираж Сервис Қарағанды" ЖШС 9,5 миллиард теңге салық төлеген.

Бұған дейін мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің сыңары – мәжіліс пен сенаттың бұрынғы депутаты Ерлан Нығматулинге тиесілі YDD Corporation ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдайға басты кінәлі танылған еді.

Талқылау