Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура қазақстандықтарды заңсыз наразылық акцияларын өткізбеу туралы ескертті

Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаев қазақстандықтарды заңсыз митингтерге шықпауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

прокуратура

Құрметті Азаматтар!

Әлеуметтік желілерде заңсыз наразылық акцияларын өткізуге шақырулар таратылуда.

Бұл ретте шындыққа жанаспайтын, оның ішінде әлеуметтік және ұлттық алауыздық пен араздықты қоздыру белгілерімен ақпараттар орналастырылуда.

Заңсыз көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соқтыратынын еске саламыз.

Осы әрекеттермен азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауаптылық көзделген.

Әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыру, көрінеу жалған ақпарат таратуға жария түрде шақыру заңмен тыйым салынған және мұндай әрекеттер қылмыстық тәртіпте қудаланатынына назар аударамыз (ҚК 174 және 274-баптары).

Осыған байланысты, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін бас прокуратура азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге, құқыққа қарсы ақпаратты таратудан және заңсыз жария акцияларға қатысудан тартынуға шақырады.

Талқылау