Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті қанша қаржы жымқырғанын айтты

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы футбол федерациясының басшылығы жіберген заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтар арасында жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде тиімсіз басқару кесірінен 3 млрд теңге залал келтірген қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады.

Негізгі заң бұзушылықтар қатарына негізсіз сыйақы төлемдері, инфрақұрылымдық нысандарды салу кезінде қаражатты мақсатсыз жұмсау, ойыншылармен жасалған күмәнді мәмілелер, сондай-ақ спортшыларға арналған тамақтандыру қаражатын жымқыру жағдайлары орын алған.

Атап айтқанда, федерацияның бұрынғы басшылығы Әділет Барменқұлов кейбір қызметкерлер мен спортшыларға жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам негізсіз сыйақы төлегені анықталды.

ҚФФ экс-президенті федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында орындалмаған жұмыстар үшін 350 млн теңгеден астам қаражат төленген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеу жүргізу үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.

Талқылау