Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Арғын Нығматулиннің қайда екенінен хабарсыз

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматуллинге қатысты тергеу деректерін бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Арғын

Фото: shaiba.kz

Әсет Шындалиевтің сөзінше, қазір Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланған. 

"Бұған дейін хабарланғандай, прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Іздеу жарияланды. Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу деректері жария етілмейді", – деді ол. 

Әсет Шындалиевтің айтуынша, іздеу жұмыстарымен интерпол шұғылданады. Ведомство оның қазір қай жақта екенінен хабарсыз. 

"Сәйкесінше біздің құзырлы органдар өз бетінше әрекет ете алмайды. Интерпол желісі бойынша қызыл бюллетень жарияланады. Егер халықаралық іздеу жарияланса, Қазақстан аумағында болмауы мүмкін", – деп қосты Шындалиев. 

Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялағаны туралы хабарлаған едік. 

"Бас прокуратура Қарағанды облысындағы хоккей спортының дамуына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Ниғматулин А.З және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу барысында Нығматулин А.З күдікті деп танылды. Соттың санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады. Оның Қазақстаннан тыс жерде болуына байланысты іздеу жарияланды", – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Талқылау