Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде ұтыстарға қатысатын қазақстандықтарға ескерту жасады

Фото: freepik.com

Бас прокуратура әлеуметтік желілерде ұтыстарға қатысатын қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Прокуратураның мәліметінше, БАҚ пен әлеуметтік желілерде ұтыстар туралы жарнама кеңінен жарияланып, оған көптеген азамат қатысып жатыр. 

"Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы", "Жарнама туралы" "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын қатаң сақтау қажет. Лотерея ұтысын лотерея операторлары ғана өткізе алады. Лотереяны өткізу шарттарын туризм және спорт министрлігімен келісуге міндетті. Ресми оператор болып табылмайтын және уәкілетті органнан рұқсат алмаған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың лотереялар өткізуіне қатаң тыйым салынады”, – делінген хабарламада.


"Лотереялар туралы" заңды бұзған: Блогер Ерболат Жанәбілов сотта өз кінәсін мойындаудан бас тартты

Ұтыс ойнатып, сыйлықтарды ешкімге бермеген: Атыраулық блогер үш жылға бас бостандығынан айырылды


Прокуратураның мәліметінше, заңға сәйкес өкілеттігі бар лотерея операторы жүлде қорын өзі қалыптастырады. Жүлде қоры өткізілген лотерея билеттерінен түскен пайданың кемінде 50%-нан, не өз қаражаты есебінен болуы тиіс. Жүлде қорының құрамы мен мөлшері туралы барлық ақпарат ашық және қатысушыларға қолжетімді болуы керек.

"Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" және "Жарнама туралы" заңға сәйкес: ұсынылған тауарлар, сондай-ақ оның жарнамасы туралы ақпарат анық болуы тиіс.

Прокуратура лотереялар және лотерея қызметі туралы заңды бұзғандарға 500-ден 2000 АЕК-ке (7 864 000 теңге) дейін айыппұл салынатынын мәлімдеді.

Ал лотерея қызметін алаяқтық мақсатта пайдаланғандарға 10 жылға бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін депутат онлайн казиноларды жарнамалайтын блогерлерге жазаны күшейтуді ұсынған еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 09 Қыркүйек, 2025 22:06
Талқылау